Алматы облысында екі жасөспірім бензин буынан уланып, көз жұмды

0

Жаркентте 17 жастағы колледждің екі студенті бензин буынан уланып, көз жұмды,

«Жаркенттік полицейлер оқиға орнына барып, гараждан 17 жасар екі жігіттің мәйітін тапты. Балалардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Алдын ала болжам бойынша, зардап шеккендер автомобильді жөндеу кезінде бензин буынан уланып қалған», — деп атап өтті баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының төртінші бөлігі «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.