Қазақстанда жамағатпен бірге далада намаз оқуға рұқсат етілді

0
Еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулысы жарыққа шықты. Қаулығы сәйкес 3 мамырдан бастап діни орындарда ашық аспан астында жамағатпен бірге намаз оқуға рұқсат етілді,
 Мешіттерде, шіркеулер мен басқа да діни орындарда ұжымдық діни іс-шаралар маска режиміне және төрт метр әлеуметтік арақашықтық сақтай отырып өтілуі тиіс.

Өз кезегінде ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айының бірінші күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, ел мұсылмандары жұма намазын асыға күтетіндігін айтты.

Содан кейін мемлекет басшысы елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталып, мешіттер көп ұзамай құлшылық ету үшін ашатылатынын айтқан болатын.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.