Түркістанда көшеде төбелес шығарғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

0

Түркістанда көшеде төбелес шығарғандар ұсталды. Оқиға кезіндегі видео әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған

Әлеуметтік желіде ер адам автокөліктен қашып бара жатқаны туралы видео пайда болды. Видеода оның қолында пышақ бары көрсетілген.

Артынша жағдай төбелеске ұласқан.

Қалалық ПД мәліметінше, бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Жедел уәкілдер барлық қажет іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары оқиғаға қатысы бар деген күдікпен ер адамды ұстады. Бүгінде соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталады», — деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.