Оралда саябақтағы әткеншек істен шығып, 8 бала жарақаттанды

0

Оралда сегіз бала аттракционда жарақаттанып қалды

Басылым мәліметінше, оқыс оқиға 2 мамырда «Чудненко» аттракционында болған. Куәгерлердің сөзінше, асқан жылдамдықпен айналып тұрған аттракцион кенет тоқтап қалған.

«Әткеншек кенеттен тоқтап, балалар бір-біріне соғыла бастады», — дейді оқиға куәгері.

Салдарынан 5-10 жас аралығындағы сегіз бала түрлі жарақат алып, облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді.

Басылым мәліметінше, қалалық саябақтағы аттракциондар РИА «МИР» ЖШС-не тиесілі. Дәл осындай оқиға осыдан екі жыл бұрын болған екен. Оған техникалық ақау себеп болған.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.