“Өлім мен өмір арасында жатыр”: Алматыда биіктен құлап кеткен полицейдің анасы Тұрғымбаевтан көмек сұрады

0

Алматыда 9 қабатты ғимараттың төбесінен құлаған тәртіп сақшысының денсаулығына туыстары алаңдап отыр. Олар ұлдары мүгедек болып қала ма деп қорқады. Сондықтан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан көмек сұрайды деп хабарлайды “КТК” арнасы.

Туыстарының айтуынша, кәмелетке толмаған балалардың ісі бойынша аға инспектор Тимур Қалмұрзаевтың басына екі бірдей күрделі ота жасалған. 38 жастағы тәртіп сақшысы қазір өмір мен өлімнің арасында жатыр.

“Әлі көрсеткен жоқ, бізді кіргізген жоқ. Білмейміз. Әлі есін жия алмай жатыр. Соған мен көмек сұраймын, ішкі істер министрі Тұрғымбаевтан, балама қарап, қатарға қосылып кетуіне жәрдемдессе екен деймін”, – дейді Тимурдың анасы Бибігүл Қалмұрзаева. Еске сала кетейік, оқиға әлі салынып бітпеген көпқабатты үйде болған еді.

Шатырда ойнап жүрген бір топ баланы сол маңайдағы үйлердің тұрғындары көріп полиция шақыртқан. Оқиға орнына Тимур Қалмұрзаев келіп жеткен. Алайда жасөспірімдер тәртіп сақшысының сөзіне құлақ аспай, жан-жаққа тым-тырақай қашқан.

Сол сәтте полицейдің аяғы тайып кетіп, 9-шы қабаттан 7-ші қабаттағы бетонға бір-ақ құлап түскен. Телеарнаның мәліметінше, кейін белгілі болғандай бір топ жасөспірім салынып бітпеген үйдің шатырында тик-ток түсіріп жүрген.

Аға инспектордың өзінің үш баласы бар. Келіншегінің төртіншісіне аяғы ауыр.

Айта кетейік, бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Алматы қалалық полиция департаменті кәмелетке толмағандардың ата-анасына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 127 бабы бойынша хаттама толтырылғанын мәлім еткен еді.

redtram.com

Leave A Reply

Your email address will not be published.