Түлектердің туған жерге құрметі

0

Бүгін Жамбыл ауданындағы М.Төлебаев атындағы балалар өнер мектебінде «Жомарт түлек — 2021» форумы өтті. Басқосуға аудан әкімі Сәкен Арубаев, Жамбыл ауданының Құрметті азаматтары Сембек Сейдәзімов, Мақұлбек Байгелдиев, Елбасы мұражайының директоры Серік Қалиев, Тараз қалалық «Жамбыл — Тараз» газетінің бас редакторы Эльмира Мырза-Ғали және ауданнан түлеп ұшқан өзге де түлектер қатысты.

Жиынның ашылуында сөз алған өңір басшысы ауданда атқарылған ауқым жобаларды тілге тиек етті.
— Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен бастау алған «Жомарт түлек» жобасы ауданымызда жалғасып отыр. Қазақ ежелден «Ер туған жеріне» деп аталы сөз қалдырған. Бүгінгі форум азаматтарымыздың туған жеріне сүйіспеншілігін көрсетеді , — деген өңір басшысы форум жұмысына сәттілік тіледі. Шара барысында форум қонақтары да жылы лебіздерін жолдап, жиынды ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының депутаты Абдалы Нұралиев, Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, Байзақ және Т.Рысқұлов аудандарының әкімдері Бақыт Қазанбасов пен Ерболат Садырқұлов бейнебайланыс арқылы ыстық сәлемдерін жеткізді.


Форум жұмысы одан әрі «туған жеріне туын тігіп», өңірдің өркендеуіне үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттау рәсіміне ұласты.
Тағы бір ерекше айта кетерлігі, форум барысында аудан түлектері жалпы құны 118 млн 500 мың теңгені құрайтын 18 игі жобаға қолдау білдіріп, демеушілік жасады. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі өз туған жерлеріне барынша қамқорлық жасап жүрген азамматарға рахметін айтып, мұндай игі жоба алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
Форумнан соң аудан әкімі мен шара қонақтары аудандық техникалық және шығармашылық кәсіби бағдар беру орталығына бас сұғып, тыныс-тіршілігімен танысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.