Бұдан былай сарбаздарға түйенің етінен тамақ пісіре ме?

0

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте журналистер әскерилерге түйенің етінен тамақ пісіру туралы сұрады.

«Бірнеше жыл бұрын сарбаздар үшін түйе етінен консервілер жасалады деген әңгіме шыққан. Бұл ақпарат рас па? Ондай тамақ өнімдері бар ма?», – деді журналистер.

Sputnik.kz-тің жазуынша, Тыл және қару-жарақ бастығының орынбасары – тыл бас басқармасының бастығы Бауыржан Досмағанбетовтың айтуынша, алдағы уақытта түйенің еті күнделікті рационға енгізілуі мүмкін.

Қай банкке ақшқ салу керек екенін анықтап алыңыз!
«Қазіргі кезде нормада түйенің еті қарастырылмаған. Бірақ алдағы уақытта тамақтану академиясымен бірлесіп, жұмыс істегенде қарастырылуы мүмкін», – деді Досмағанбетов.

Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов Тамақтану академиясымен бірлесіп атқарылатын жұмыстар туралы айтып берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.