Алматыда жолаушылар автобусы мен екі көлік соқтығысты

0

Алматыда Саин даңғылы мен Асқаров көшесінің қиылысында екі жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысып қалды.

Renault Sandero ортаңғы қатарда, ал Peugeot Partner шеткі сол жақта жүріп отырған. Аяқ астынан Renault шұғыл сол жақ бетке ауыспақ болған. Алайда жүргізуші рульге ие бола алмаған.

Осы сәтте Peugeot жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, Renault көлігіне соғысқан. Соққы күшінен Renault аялдамада тұрған №38 жолаушылар автобусына барып соғылды. Жол апатында Renault Sandero жүргізушісі зардап шекті. Оны ауруханаға жеткізді.

aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.