Жұлдыз Әбдікәрімова: Өзге елге көмек көрсетеміз, ал өзімізге тыныс алу аппараттарын таппаймыз

0

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртастың келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жазба жариялап, елде болып жатқан қандай жағдайлар өзін күйіндіретінін атап өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ. Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің көңілі толмайтын жайттарды Instagram парақшасында тізіп шықты.

«Мен елімді жақсы көремін. Бірақ жақсы көру деген — мақтай беру емес. Олқылыққа көз жұмбай, ашығын айту. Ауруын жасырған өледі деген. Сондықтан ащы да болса, еліміздегі кейбір парадокстарды айтайық. Дәрігер қателігінен адам көз жұмса — 2 миллион 917 мың теңге, ал қызғалдақ жұлса — 9 млн теңге.

Вирустан қорғану үшін маска — ақылы, вакцина — тегін. Судья пара алғандарға үкім шығарады, ал антикор судьядан пара табады. Өзге елдерге гумманитарлық көмек көрсетіледі, ал өзімізге тыныс алу аппараттарын таппаймыз» , — деп жазды тележүргізуші.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР «Өзгеруге тырысып жүрмін»: Маржан Арапбаева «жасандылығы» үшін сынға қалды Жұлдыздың бұл жазбасы желі қолданушылары арасында бірден қызу талқыға түсті. Кейбірі өнер иесінің айтқанына толығымен қосылып жатса, енді бірі басқа ойын білдірген. «Келісемін. Түсініксіз жайттар айта берсең көп», «Жалақы өспейді, алайда азық-түлік бағасы өсе береді», «Маска кисе вирустан емес, айыппұлдан қорғайтынына қынжыламын», «Бұл жағдайлардың түп-мәнісін дұрыс білген абзал. Үкімет ақымақ емес қой», «Керемет айтқансың», «Саған ренішім жоқ. Бірақ, саясатқа араласпай, ана болып жүре берсеңші», — деп жазуда көпшілік.

nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.