Екі өңір «қызыл» аймақтан шықты

0

Шымкент пен Ақтөбе облысы коронавирус таралуы бойынша «қызыл» аймақтан шықты,

30 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары «қызыл» аймақта.

«Сары» аймақта алты өңір бар: Шымкент, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Алматы облыстары.

Ал «жасыл» аймаққа үш өңір кіреді — Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Еске салайық, кейінгі тәулікте Қазақстанда 2853 адамнан коронавирус анықталған болатын. Елде вирус жұқтырғандар саны 319 818-ге жетті.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.