КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУЛЕРДІ САҚТАУ – АСА МАҢЫЗДЫ

0

Елімізде індеттің алғашқы белгілерінің тіркелгеніне міне бір жарым жылға жуық уақыт болды. Бірақ, өкінішке орай қателіктен сабақ алмай келеміз. Қаншама жақынынан айырылып жатқан отбасыларды өз көзімізбен көрсек те, қарапайым қағидаларды сақтаудан алшақақтаймыз. Өзекті өртейтін өкініш те — осы.

Аудан аумағында эпидахуалды назарда ұстау үшін арнайы мониторингтік топтар құрылған. Күні кеше солардың бірін өзімен бірге ерткен аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев орталық ауылдарда орналасқан бірқатар білім ошақтарын аралады. Олардың қатарында Әлихан Бөкейханов, Шохан Уәлиханов, Юрий Гагарин, Қызылпан Сұлтанбеков, Тұрар Рысқұлов, Максим Горький атындағы мектептер мен Құлан және №1 мектеп-лицейі де бар. Дәл осы аралау кезінде Әлібек Мамытжанұлы назардағы нысандардың тізіміне іргелі оқу орындарының бірі саналатын Құлан агротехникалық жоғары колледжінде қосты.
Аралау барысында оқу ордаларының басшыларына сақтық шараларын күшейту керектігін және карантиндік шектеулерді сақтау маңызды екендігін ескертті. Сондай-ақ, басшыларға ата-аналарға орын алып отырған келеңсіз жағдайды тиісті деңгейде түсіндіру керектігін алға тартты.
Жәнібек СҰЛТАН

Leave A Reply

Your email address will not be published.