4 айлық баласын пышақтап тастаған Атыраулық ана туралы белгілі болды

0

Атырау облысында төрт айлық баласын өлтірді деген күдікпен 42 жастағы әйел ұсталды

 

Аймақтық БАҚ-тың хабарлауынша, күдікті сәбиді бірнеше рет пышақпен жарақаттаған. Белгілі болғандай, келіншектің күйеуі бұл уақытта үйде болмаған. Көз жұмған сәби отбасының тұңғыш баласы болған.

«Баланың анасы — Атырау қаласының тұрғыны. Келіншек тұрмысқа шыққаннан кейін осы жаққа көшіп келген. Олардың басқа балалары болмаған. Бала тіркеуде тұрған жоқ. Олар балаларға арналған вакциналарды Атырау қаласында алып жүрген», — деді Көптоғай облысының уақытша әкімі Гүлбаршын Баженова.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет ҚР Қылмыстық кодексінің үшінші бөлігінің 99 бабы «Кәмелетке толмаған адамды өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Күдікті 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.