Алматыдағы барахолкада өрт шықты

0

Алматыдағы барахолкадағы «Кенжехан» базарында өрт шықты

 

«Кенжехан» базарындағы өрт түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде пайда болды. Болжам бойынша, өрт 29 сәуір күні таңертең сағат 09.30 шамасында басталған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минут ішінде жетіп, 9 минутта жалынды сөндірді.

«Өрт сөндірушілер екі қабатты үш контейнер (автобөлшектері бар) ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Өрттің көрші контейнерлерге таралу қаупі туындады. Өрт оқпандары дереу беріліп, автоцистерналар гидранттарға орнатылды. Қабылданған шаралармен өрт 9 минут ішінде оқшауланды», — деді ТЖД-де.

stan.kz
 

Leave A Reply

Your email address will not be published.