Қарағанды маңындағы ауылда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланады

0
Қарағанды облысының Доскей ауылында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Оған ауылға жақын маңдағы қоқыс полигонының жануы себеп болған, — деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Жергілікті әкімдік мәліметіне сүйенсек, өрт қайта тұтанған. Жақында полигон бір аптадан аса уақыт бойы өртенген еді. ТЖД мәліметі бойынша, 1200 шаршы метр алаң жанып кеткен. Үйілген қоқыс биіктігі 3 метрге жетеді. Өртті сөндіруге жанғыш материалдың көптігі қиындық тудырған.

25-сәуірде полигон қайтадан өртенді және әлі күнге дейін жанып жатыр. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары қасақана өртеу нұсқасын жоққа шығармайды.

«Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, адамдардың өмірі мен қоршаған ортаға қауіп жоқ. Өртің тарау қаупі жоқ», — деді Доскей ауылының әкімі Ерболат Тоқмырза.

Қарағанды облысының Доскей ауылында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Оған ауылға жақын маңдағы қоқыс полигонының жануы себеп болған, — деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Жергілікті әкімдік мәліметіне сүйенсек, өрт қайта тұтанған. Жақында полигон бір аптадан аса уақыт бойы өртенген еді. ТЖД мәліметі бойынша, 1200 шаршы метр алаң жанып кеткен. Үйілген қоқыс биіктігі 3 метрге жетеді. Өртті сөндіруге жанғыш материалдың көптігі қиындық тудырған.

25 сәуірде полигон қайтадан өртенді және әлі күнге дейін жанып жатыр. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары қасақана өртеу нұсқасын жоққа шығармайды.

«Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, адамдардың өмірі мен қоршаған ортаға қауіп жоқ. Өртің тарау қаупі жоқ», — деді Доскей ауылының әкімі Ерболат Тоқмырза.

Доскей ауылы маңындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында өрт шыққаны 19 сәуірде хабарланған болатын. Ауыл тұрғындары елді мекендегі иіске шағымданып, полигонды жабуды талап еткен еді. Олар полигоннан жиі өрт шығатынын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.