Көкшетауда 12 жастағы бала жоғалып кетті

0

Көкшетау қаласында 12 жасар бала іздестірілуде.

«26 сәуірде сағат 14.21-де Көкшетау қаласының полиция бөліміне ер адамнан телефон арқылы хабарлама келіп түсті. Ол сағат 13: 00-де оның 12 жасар ұлы Сергей Александрович Кривоножко қарындасын мектептен алып кетуге кетіп, оралмағанын айтады», — деп Ақмола облысы полиция департаментінің  баспасөз қызметі.

Сергей қара шалбар, қара кроссовка, көк куртка және қара бас киім киген.

Полиция баланың қай жерде екендігі туралы қандайда бір ақпаратқа ие болсаңыз, дереу «102» арнайы желісі бойынша полицияға хабарлауды сұрайды.

alashainasy.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.