Алматыда вакцинация құжатын сату ісі: тергеу басталды

0
Алматы әкімдігі қалада вакцинация құжаты сатылып жатқаны туралы ақпаратқа жауап берді.Бұған дейін бірқатар БАҚ-та Алматыда вакцина салынғаны туралы электрон құжатты бірнеше клиниканың атынан беретін «делдал» пайда болғаны жарияланған еді.

Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы мәліметінше, мұндай әрекет қылмыстық сипатқа ие және заң бойынша қудаланады.

«Аталған факт бойынша ақпарат жарияланған сәттен бастап арнайы қызметтік тергеу басталды. Қазіргі уақытта вакцина салдырғаны туралы электрон құжат беру дерегі расталмады. Сонымен қатар, барлық медициналық ұйымның және Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының ақпараттық жүйелері мен дерекқорларын толық салыстырып тексеру басталды. Аталған ақпарат расталған жағдайда, тергеу қорытындылары заңға сәйкес шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына беріледі», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Басқарма өкілдері вакцинация мәселелері бойынша ақпараттық жүйелерге кіруге мүмкіндігі бар қызметкерлермен алдын алу іс-шараларын жүргізіп жатқаны да хабарланды.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда вакцинация құжатын 15 мың теңгеге сататын «делдал» пайда болғаны хабарланған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.