Күйеуге шыққысы келген Айгүл Иманбаеваға баласы рұқсат берді

0

Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева 2021 жылы тұрмысқа шығатындығын айтты. Бұл туралы ол «Ең алғашқы» бағдарламасында егжей-тегжейлі баяндап берді.

Әнші осы уақытқа дейін тұрмысқа шығуға қарсы болып келген көрінеді.

«Шынымды айтсам ұлым туылғаннан кейін, сол өскенше мен еркек атаулыға қарамадым. Миыма блок қойып тастаған болатынмын. «Ұлым ренжісе, қызғанса, ұялса не болады?» — деген ойлар мазалай беретін болды. Оның үстіне әкеммен ара-қатынасым нашар болды. Сабитпен ажырасқан кезім, ұлым енді өсіп келе жатыр. Жалпы өз-өзіме шектеу қойып келдім. «Әке жолы» фильмінен соң балам маған жазды «Мама сендей әйел жалғыз болмауы керек. Өз теңіңді тапшы. Сен бақытты болу керексің. Шын жүрегіммен тілеймін. Сенің қасыңда ер азаматың болуы керек» — деген хат келгенде, тоқтамай бір тәулік жылаған шығармын. Өйткені мен ұлымды олай айтады деп ойлаған жоқпын. Тереңінен түсініп, мені ойлағаны жүрегімді қатты елжіретті. Мен де айттым «сен шын жүрегіңмен  қалап, маған рұхсатыңды берсең, онда менің жолым ашылады» — дедім.»  – дейді әнші.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.