Екпе салдырып, елге үлгі көрсетті

0

Қазір дүбірімен дүниені дүрліктірген коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны қайта артты. Індет талаптарына салғырт қараған жұртшылық ауруханаларға қайта ағылды. Науқасқа шалдыққан азамат тек өзінің денсаулығымен ғана арпалысып қойған жоқ, отбасы мен жақындарының өмірін қатерге тіккенін ұғынды.
Бірақ тым кеш еді. Төсекке танылған азаматтар шалыс басқанын білді. Ал сол азаматтардың өмірінен сабақ алып жатқандар да бар. Олар санитарлық талаптарды сақтап, дәрігер нұсқауын орындап отыр.
Дегенмен, індетті ауыздықтау үшін екпе ектірудің пайдасын халықаралық сараптаушылар дәлелдеп шықты. Осы орайда ауруханаларға вакциналар жеткізіліп, оны тұрғындар қабылдай бастады.
Бүгінде Бесағаш ауылында екпе салуға 100 дана «Спутник — V» вакцинасы жеткізілсе, алғашқылардың бірі болып ауыл әкімі Бейбіт Нигматуллаев салдыртты.
— Елге дерттің дендемеуі үшін екпе салдырудың маңызы орасан екенін айтпас бұрын өзімнен бастауды жөн көрдім. Дәрігерлерге рақмет, екпеден кейінгі нұсқаулықтарымен жіті таныстырды. Қазір жағдайым қалыпты. Барша азаматтарды екпе ектіруге шақырамын,-дейді Бейбіт Сұңғатұлы.

Расымен әкімнің бұл әрекетінен кейін екпе бөлмесіне халық қарасы көбейе бастаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.