Аудан әкімі қариялармен кездесті

0

Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев ардагерлер мен зиялы қауым өкілдерімен барлық сақтық шараларын ұстана отырып, кездесу өткізді.

Өрелі ой мен салмақты пікір айтылған кездесуге аудандық мәслихат хатшысы, аудандық, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы және ауданның ақсақалдары қатысты.

Абыз ақсақалдар мен қазыналы қариялармен жүздескен аудан басшысы мұндай кездесулердiң маңыздылығын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, барлық мәселе мәмілемен шешілетініне тоқталды.

«Пандемия күнделікті өмірімізге өзінің ықпалын тигізіп жатқаны жасырын емес. Бірақ әкімшіліктің, аудан-қала әкімдері мен мемлекеттік органдардың жұмысы бір минутқа, бір секундқа да тоқтаған жоқ.

Оны ақпарат құралдарынан көріп отырсыздар.

Бұрынғыдай көпшілікпен жиын жасай беру қазіргі таңда мүмкін емес. Сақтық талаптарын ұстануымыз керек. Індеттің алдын алайық.

Әр ауылдан ақсақалдарды жинап, қандай оңды жағдайлар мен қандай кемшіліктер болып жатқанын талқыладық.

Өйткені ардагерлер елдегі жағдайға қанық. Мұндай басқосу бізге керек-ақ.

Карантин талаптарын сақтай отырып өткізілген кездесу барысында ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуы, қоғамдық-саяси тұрақтылықтың сақталуы мәселесі ортаға салынды.

Сарысулық ақсақалдар өз ойларын жеткізіп, ауданның бiрқатар мәселелерін көтердi.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы барлық ұсыныстар ескерусіз қалмайтынын, билік пен қоғам бірлесе жұмыс жүргізсе айтарлықтай нәтижеге жетуге болатынын атап өтті.

Осы орайда ардагерлер мен зиялы қауым өкілдерінің әлеуетін тиімді пайдалану керектігін айрықша жеткізді.

Аудан әкімі алдағы уақытта ақсақалдарымен кездесуді дәстүрлі түрде өткізіп тұратындығын айтты.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.