Қордай оқиғасына қатысты сот отырысы өтуде

0

 

 

Осыдан бір жылдан астам уақыт бұрын айрандай ұйыған ауылдардың астан-кестеңін шығарған атышулы Қордай оқиғасына қатысты сот ісі аяқталуға жақын.

 

Дәл қазір ауылдардағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен қамауға алынған азаматтарға қатысты іс сот залында қаралуда.

 

Сот отырысы барысында судья 1 сағатқа жуық уақыт 51 күдіктіге қатысты сот үкімін оқыды.

 

Айта кету керек, сот отырысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Тараз қалалық №2 сотында онлайн-трансляциямен қамтылған арнайы зал дайындалған.

 

Мұнда республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жиылып, отырысты тікелей эфирде қарауда.

Сот отырысы барысында әділ шешім шығарылады деп сенеміз. Ендеше, кішкене кикілжіңнен қандай жағдайдың орын алатынын көрсеткен Қордай оқиғасы енді қайталанбасын, басты байлығы – елдің татулығы деп білетін мемлекетімізде бір шаңырақтың астында бейбіт күн кешкен халқымыз аман болсын деп тілейміз!

 

ar-ay.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.