Корпорация қызметкерлері ерікте түрде екпе салдырды

0

«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қызметкерлері  коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

Коронавирус індетіне қарсы ерікті түрде вакцина салдыру елімізде осы жылдың 1 ақпанынан басталды. Сол уақыттан бері өңірдің мыңдаған азаматы екпе алып үлгерді. Оның ішінде тұрғындармен тікелей жұмыс істейтін мекеме қызметкерлері бастап, түрлі кәсіпорын жұмысшылары қостаған қауіпті індетке қарсы екпе егу жұмыстары жалғасын табуда. Мәселен, вакцинациялау науқанында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның қызметкерлері де салдырып, белсенділік танытты. Корпорация төрағасы Нұрғали Көрпетаев өзі бастап, ұжым қызметкерлері екпе алды. Мекеме ғимаратына арнайы келген №1 Тараз қалалық емханасының медицина қызметкерлері алдымен қызметкерлердің денсаулығын тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Содан соң барып қана қауіпті індетке қарсы вакцинаны екті. Екпе алған алған қызметкерлердің барлығының денсаулығына байланысты шағым жоқ, өздерін жақсы сезінуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.