Марат Сұлтанғалиев Чернобыль апатын жоюшылармен кездесті

0

Бүгін Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев Чернобыль атом стансасындағы апатты жоюшылармен кездесті.

Кездесуде аудан басшысы:

— Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген тұста Мемлекет басшысы ең алдымен ядролық қарудан бас тартып, Семей полигонын жабу туралы тарихи шешім қабылдады.

Өйткені Чернобыль апаты бүкіл әлемге атом энергиясының бақылаудан шығып кетсе қандай күйге ұшыратынын көрсетіп берді.

Сонымен қатар бұл қайғылы оқиға өз өмірлерін аямастан апаттың зардабын жоюға атсалысқан адамдардың ерік-жігері мен батырлық үлгісін де таныта алды.

Әрқайсыларыңыздың сол кезеңдегі іс-әрекеттеріңіз — бүгінгі ұрпақ үшін ерліктің үлгісі.

Қазіргі уақытта Сіздер әр салада табысты еңбек етіп жүрсіздер.

Жалпы, бүгін Сіздермен — кездесіп, әңгіме өрбіткенді жөн көріп отырмыз,-дей келе алғашқы сөзді осы ұйымның төрағасы Өскенбеков Амангелдіге берді.

Басқа да қатысуышлар өз ойларын білдіріп, еркін форматтағы кездесу, сақтық талаптарын орындай отырып өтті.

Кездесу соңында аудан әкімі «Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 35 жыл» толуына орай меркелік төсбелгі табыстап, аудандық маслихаттың және аудандық Nur Otan партиясының марапаттары мен сый-сияпатқа ұласты.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.