Балғын боксшыларға сый-құрмет көрсетті

0

Бокстан Атырау қалсында өткен 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін аудан әкімі Нұржан Календеров қабылдап, сый-құрмет көрсетті. Жеткіншектердің осындай биік белестерді бағындырып жүргендері нәтижелі еңбектің жемісі екенін атап өтіп, бапкерлер қауымына зор алғысын білдірді.
— Бокс ол спорттың мейлінше кең таралған, танымал түрі. Сондықтан сіздердің жеңістеріңіз барша шулықтар үшін елеулі қуаныш. Алдағы уақытта Жақсылық Үшкемпіров пен Серік Қонақбаев ағаларымыз сынды Қазақстанның атын әлемге танытатын азамат болытындарыңызға сенімім мол.Бұл жеңіске жету жолында сіздерге үлкен сенім артып, тәжірбиесі мен біліктілігін, бар күш — жігерін сарп еткен жаттықтырушыларыңызға ерекше алғыл білдіремін,-деген аудан басшысы спортшыларды құттықтап сыйлықтар табыс етті.
Бүгінгі қабылдауда болып, құрмет көргендер – №37 БЖСМ боксшылар мектебінің шәкірттері Әлкен Мағдислам, Рүстем Айбар, Рүстем Арнұр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.