Екпе салдыру – саулығыңа себеп

0

Коронавирус ең алғаш Қытайдан шығып еді. Күншығыс елі осынау «тәжтажалға» беймарал қараған жоқ, қайта «COVID-19» індетімен бүкіл ұлт болып пандемия қаупіне шұғыл әрекет жасап, оған қарсы күресудің тиімді жолдарын пайдалана білді. Осынау жұқпалы індет елімізде қайта өрши бастады. Осыған байланысты Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметте келелі кеңес өткізді.
Иә, елдегі ахуал өте күрделі. Ол тіпті еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіріп отыр. Азаматтарымыздың арасында дертке шалдығушылар көбейіп барады. Оны Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы эпидемиологиялық ахуалдан-ақ білуге болады. Осының барлығы біздің бойкүйездігімізден, осынау індеттің өзіне салғырт қарауымыздан болып отыр. Сондықтан бәріміз бірдей сақтану шараларын қатаң қарастыруымыз керек. Ол үшін ең алдымен Мемлекет басшысы алға қойып отырған міндеттерді бұлжытпай орындағанымыз абзал.
Ең алдымен вакцина, яғни, екпе салдыруға жауапкершілікпен қарайық. Қазір жаппай ресейлік препаратты салдырып жатырмыз, енді аз күнде індетке қарсы вакцина біздің Жамбыл облысындағы зауыттан да шығарыла бастайды.
Қадірлі ағайын! Өліммен ойнауға болмайды. Сондықтан бәріміз бірдей екпе алуға келейік. Сонда ғана өзімізді де, туған-туыстарымызды да қатерлі індеттен аман алып қала аламыз.

Аманкелді Молдашев,
зейнеткер, Жаңатұрмыс ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.