Құланда 1000 бас ірі қараны бордақылайтын алаң іске қосылды

0

     Т.Рысқұлов ауданындағы «Дәулетбай» шаруа қожалығы  1000 бас мүйізді ірі қараны бордақылап, сою, сақтау, тоңазыту және мал терісін өңдеу кешенінің құрылысын іске қосты.

Аудан әкімі Ерболат Садырқұловтың айтуынша, өлкеде  мал басының барлық түрі бойынша өсім 104,3-тен 122,4 пайызға артыпты. Ал мал өнімдерін өндіру 102,8-ден 107,7 пайызға өскен.

Бүгінгі күнге ауданда мүйізді ірі қарамен – 5, қой-ешкімен – 6, жылқы және шошқамен бір-бір асыл тұқымды шаруашылықтар айналысуда.
Сондай-ақ аудан 2650 бас мүйізді ірі қараға арналған – 12, жылқының 780 басына арналған – 5, Шопан ата түлігі  3600 бас қойды ұстауға – 4, бұдан бөлек 30 мың жалпақтануға арналған бір мал бордақылау алаңы бар.

«Дәулетбай» шаруа қожалығы 1000 бас мүйізді ірі қараны бордақылау алаңын іске қосса,  «Шалқар» шаруа қожалығы 1500 басқа және  «АлРай» шаруа қожалығы 1000 басқа арналған  бордақылау кешендеріне жан бітіріп отыр.   Сонымен қатар Құмарық ауылында «Жастар болашағы» шаруа қожалығы 100 басқа арналған сауын сиыр фермасының жұмысын жандандыруда. Бұл сөз жоқ, аудан үшін толайым табыс.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.