6-шы аумаққа жауапты мамандар есеп берді

0

Округ бас инспекторы мен учаскелік полиция қызметкерлерінің халық алдындағы есеп беру кездесуі жалғасуда.

Алдымен сөз алған округтің бас инспекторы өткен жылы атқарылған инфрақұрылым, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндап, 2021 жылға арналған міндеттері туралы ақпарат берді. Ағымдағы жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Әйтиев көшесі №29 үйдің шатыры, кіреберісі мен инженерлік жүйелері жөндеуден өткізілді.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 5,6 шақырым автомобиль жолдарына (1-бұр. Еспаев, 3-бұр. Трудовой, Әйтиев, Желтоқсан, Қ.Қойгелді, Байзақ батыр көшелері) орташа жөндеу жұмыстары сонымен қатар, Глинка көшесінің су құбыры, Попов көшесінің кәріз жүйесі ағымды жөндеуден өтті. 7 көшеде (Абай, Жамбыл даңғылдары, Қонаев, Комратов, Қойгелді, Желтоқсан, Әйтиев) лоток желілері ауыстырылса, 29 көпқабатты тұрғын үйлерді қамтитын 13 аула алаңшалары абаттандырылды.

Білім саласы бойынша да мектептерде турникеттер, бейнебақылау қондырғысы, жылу жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 3 Street Workout алаңшасы салынды.

Биылғы жылы 2 көппәтерлі тұрғын үйге (Жамбыл даңғылы №123, Ниетқалиев көш. №9) күрделі жөндеуден өтсе, Панфилов көшесінің жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Таразға тарту» жобасы бойынша

«Үшбұлақ» жағажайы, Д.Қонаев көшесінен «Зербұлақ» демалыс орнына дейін, Қазыбек би көшесі №131,133 тұрғын үйлердің маңындағы сквер, Ы.Сүлейменов, Қ. Қойгелді көшесінің бұрылысы. Жамбыл даңғылының бойындағы сквер, Қазыбек би көшесінің бұрылысына абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Шаһар басшысы аумақ тұрғындарының ұсыныстары мен пікірлерін мұқият тыңдап, жауапты мамандарға халықпен тығыз байланыста жұмыс жасау керектігін ескертті.

Жиында аумаққа жауапты учаскелік полиция қызметкері де есеп берді. Құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша жұмысты жандандыру қажеттігі, сонымен бірге алдын алу және ізін суытпай ашудың тиімді шараларын қолдану керектігі айтылды.

“Кездесу барысында көтерілген мәселелердің барлығы да өзекті. Бірақ бәрі де ретімен шешіледі” деді қала әкімі Е.Жылқыбаев.

Есеп беру кездесулерінің тікелей көрсетілімі Тараз қаласы әкімдігінің «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желісінде ұйымдастырылады.

Ертең 7 округ бас инспекторының есебі Төле би, 23 Б мекенжайы бойынша, “Достық үйі” ғимаратының 2-ші қабатында өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.