Аудан әкімінің кубогі сарапқа салынды

0

Күні кеше ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен аудан әкімінің кубогы үшін 2000-2006 жылы туған жастар арасында «Ұлы дала тарландары» атты көкпар турнирі өткізілді.
Ұлттық спортты дамыту, жастарды спортқа баулу және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған турнирге өтінім берген командалар арасындағы кездесу жеребе тарту арқылы анықталып, олимпиадалық жүйе бойынша өткізілді. Көкпарда Өрнек, Бірлесу-Еңбек, Аса, Шоқай, Тастөбе, Жамбыл, Еңбек, Бектөбе ауылдық округтерінен жасақталған 8 команда өзара бақ сынасты. Турнир қорытындысы бойынша үшінші орынды Бірлесу-Еңбек ауылының шабандоздары жеңіп алса, екінші орынды Шоқай ауылының жастары олжалады. Ал Өрнек ауылының көкпаршылары турнир жеңімпазы атанды.
Турнир жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.