Округ бас инспекторы тұрғындар алдында есеп берді

0
Бүгін Тараз қаласында орналасқан №5 округ бас инспекторы мен аталған аумаққа жауапты құқық қорғау органдарының қызметкерлері атқарған жұмыстары, алда жасалар ілкімді істері бойынша халық алдында есеп берді.
Ағымдағы жылы Шостакович, Қ.Тұрысов, Б.Момышұлы көшесінің 4-ші өткелінде су құбырларына және Т.Рысқұлов көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы саны 59 балалар ойын ауласы абаттандырылды. Сондай-ақ, 20 көпқабатты тұрғын үй модернизациялау жұмыстарынан өткен. Аумаққа тиесілі бірқатар аялдамалар жаңаланды.
2020 жылы Қарасу мөлтек ауданында спорт кешені тұрғындар игілігіне берілді. Онда балалар және жасөспірімдер дзю-до, грек-рим күресі, таэквандо, кикбоксинг, қол күресі секілді 5 түрлі спорт түрімен тегін жаттыға алады.
Өткен жылы 52 қылмыс тіркелген. Соның ішінде 40 қылмыс ашылып отыр. 2021 жылдың 1-тоқсанында 6 қылмыс орын алған. Кеңінен белең алып отырғаны — бөтен біреудің мүлкін жасырын ұрлау фактілері болып отыр.Соның ішінде (пәтер ұрлығы, үй алдында қараусыз тұрған автокөліктердің заттарын ұрлау) сияқты қылмыстар орын алған.
Кездесуге келген аумақ тұрғындары тарапынан сан алуан сұрақтар көтерілді. Арықтардың тазаланбауы, аулалардағы қоқыс алаңдарын көшіру, жол жөндеу, жарықтандыру, заңсыз құрылыс, кәсіппен айналысуға қолдау көрсету т.б.мәселелер көтерілді.
Тұрғындар тарапынан көтерілген барлық ұсыныстар қала әкімінің жіті бақылауында болады. Алайда, заң аясында қарастырылмаған, қала бюджеті көтере алмайтын арыз-талаптардың жақын арада шешім таппайтындығы ескертілді. Бас инспекторлардың есеп беру кездесулері тікелей эфир арқылы әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы көрсетіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.