37 тонна қоқыс шығарылды

0

«Ауылына қарап азаматын таны» демекші, өңірдің тазалығы ең алдымен мына өзімізден бастау алады. Себебі, тазалық – адамның рухани, мәдени жетілуінің деңгейі, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткіші.
Жамбыл ауданының келбетіне өң беру, санитарлық жағдайын жақсарту, көгершіктендіру, абаттандыру және көгалдандыру мәселелерін оңтайландыру мақсатында көктемгі тазалықтың екі айлығын өткізу жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспары бекітілген болатын.

Осы орайда аудан әкімдігіндегі бөлім мен жергілікті ауылдық округтің қызметкерлері бүгін Аса-Тараз бағытындағы және өздеріне тиесілі орындарға тазалық жұмыстарын үйлестірді.
Жамбыл ауданы әкімдігі тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Еркебұлан Көмекбаевтың айтуынша, игі іске 1070 азамат атсалысқан.
– Тазалық жұмыстарына 23 техника қатысып, 37 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар, күл-қоқыстар, шөп-шалаңдар шығарылды. Сондай-ақ 4 тоннаға жуық тұрмыстық әк пайдаланылды.

Аудан тұрғындарының біркісідей атсалысқанын да айта кеткен жөн. Бүгінде талай тірлік тиянақталды. Ауыл ішіндегі арық-атыздар ретке келтіріліп, әлеуметтік нысандардың айналасы тазартылды, – дейді Еркебұлан Қуанышұлы

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.