Таразда субұрқақтар маусымы ашылды

0

Бүгін Тараз қаласындағы барлық субұрқақтар бір мезетте биылғы маусымдағы жұмысын бастады. Тараз қаласында жалпы саны 19 су бұрқағы бар десек, Арбат-3 аумағындағы су бұрқағы алғаш рет облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қатысумен іске қосылды.
Ұзындығы 320 метрді құрайтын жарық-музыкалық фонтан үстінде 2 беседка,(жаппа, күрке) 2 тарихи пішіндес су ағатын құмыралар орналастырылған.Күндізгі және түнгі жарықтандырылған кіші архитектуралық формалар орнатылған.

Айта кету керек, қаладағы барлық су бұрқақтары 16 сәуірден бастап таңғы сағат 8-ден түнгі 22-ге дейін қосулы тұрады. Техникалық ережелерге сәйкес, 8:00-11:00 аралығы болса, түскі мезгілде 13:00-15:00, ал, кешке 18:00-22:00 аралығында қала тұрғындары мен қонақтарының көңілін көтеріп, жанын сергітері сөзсіз.
Күннен келген шұғылалы шуақпен жарасымын тауып тұратын субұрқақтар көне шаһардың сәніне сән қосады. Музыкамен билеп тұрып, алуан пішінде атқылайтын заманауи фонтандар жыл өткен сайын заман талабына сай құрылғылармен жарақтандырылып, өзгеше сәнделе түсуде.
Тарихқа үңілсек, субұрқақтардың да өз тарихы бар. Оны алғаш көне Рим суретшілері ойлап тапқан екен. Сәулет өнерінің ең ғажап, ең сұлу, ең көзтартарлық туындысы – фонтандардың сыртқы безендірілуі де ерекше маңызды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.