Арубаев балуандарға сәттілік тіледі

0

Бүгін дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде Nur Otan партиясы аудандық филиалы мен аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы-2021» аудандық іріктеу турнирі болып өтті. Балуандар мұның алдында ауылдық округтерде күш сынасып, аудандық іріктеуге жолдама алған болатын.
Тартысты өткен турнирге аудан әкімі Сәкен Арубаев арнайы келіп, балуандардың белдесуін тамашалады. Іріктеу турниріне Нұржан Қазыбеков, Рауан Байешов, Нұрхан Бейсен төрелік етті. Нәтижесінде, жүлделі үшінші орынды Нұрлан Қырғызбек еншілесе (Бесағаш ауылы), екінші орынды Сұлтан Серікпай (Бірлесу-Еңбек ауылы) иеленді. Ал бесағаштық Жасұлан Көрпебай «Түйе балуан» атанды. Тараз қаласында өтетін облыстық іріктеу кезеңіне Жасұлан мен Сұлтан баратын болды.
Марапаттау рәсімінде сөз алған Сәкен Қаланұлы балуандарды жеңісімен құттықтап, ел барысы атануына тілектестігін білдірді.
Турнирге аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев, Nur Otan партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Рүстем Қасымов, «Қазақстан барысы-2016» турнирінің қола жүлдегері, қазақ күресінен ел чемпионы Айбол Айтбек қатысып отырды.

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ, Жамбыл ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.