Маслихат хатшысы екпе салдырды

0

Жамбыл ауданында дүниеге дүрбелең орнатқан індетке қарсы 1315 азамат вакцинациялаудан өткен.

Бүгін Жамбыл аудандық орталық ауруханасына аудандық мәслихат хатшысы Райымбек Сейітов пен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Рүстем Қасымов әлемге салқыны тиген коронавирус індетіне қарсы вакцина салдыртты.

– Вакцина – бүгінде дертті ауыздықтаудың жалғыз жолы болып отыр. Ел ертеңіне алаңдаған болсақ, барша халық қалаулыларын екпе салдыртуға шақырамын. Бүгінде денсаулығым қалыпты. Дәрігерлердің күтім талаптарын сақтап жүрмін, – дейді Райымбек Сияқұлұлы.

Екпеден кейінгі әсерімен Рүстем Қалмұхамбетұлы да бөліскен.

— Ұжымдық имунитет қалыптаспайынша, сананы сарсаңға салған селебені жеңу мүмкін емес. Халық денсаулығына, отбасы, жақындарымның өміріне қауіп төндірмеу үшін ерікті түрде вакцинациялаудан өттім. Барша азаматтарды, нұротандықтарды және депутаттарды індетке қарсы имундық жүйе қалыптастыруға шақырамын, — деді ол

Жамбыл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Алтай Сауруковтың айтуынша, 554 ақ халатты абзал жандар, 58 мемлекеттік қызметкер, 36 әскери қызметкер, 101 азамат ерікті түрде екпе салдырған.

Ақжігіт Жетпісбай, Жамбыл ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.