Жамбылдық жампозға ерекше құрмет

0

Белгілі балуан Сұлтан Әсетұлы  грек-рим күресінен Алматы қаласында өткен құрлықтық додада топ жарып, еліміздің көк байрағын желбіреткен болатын. Жерлесіміздің айтулы жеңісіне  орай облыс әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек чемпион мен оның бапкерін арнайы қабылдады.


Оңтүстік астанада «Балуан Шолақ» спорт сарайында күрес түрлерінен Азия чемпионатының жүлделері сарапқа салынған аламанда, грек-рим күресінен 63 келіге дейінгі салмақта жерлесіміз жеңімпаз атанған еді. Бірінші белдесуінде Тайпейлік балуанды айқын жеңіп жартылай финалда Сериялық спортшыны шаң қаптырды. Ал, ақтық сында Иранның аты шыққан балуанын тізе бүктіріп Азия чемпионы атанды.


Сұлтандай ел намысын қорғап көк туымызды желбіретіп жүрген азаматтарымыз, әрбір өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үлгі-өнеге деген облыс әкімнің орынбасары, байрақты бәсекелерде бабы мен бағы қатар келуіне тілектес екенін жеткізіп, олимпиада шыңын бағындыруын тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.