Егістікті құнарландыру мәселелеріне назар аударуымыз қажет

0

Ерболат Садықұлов,

Т.Рысқұлов ауданының әкімі

Бүгін жұмыс бағдарламасына сәйкес, «Ернар», «Шәушен», «Ернұр» шаруа қожалықтарының және «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-нің егістік алқабтарындағы көктемгі дала жұмыстарының өту барысымен таныстым.
Бүгінде атаулы шаруа қожалықтар 4500 гектер жаздық арпа, 18 415 гектар егістікке күздік бидай егіп үлгерген. Жоспар бойынша, 7 мың гектарға жаздық арпа егілуі керек.
Дәлірек айтсақ, «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-гі жалпы 13 900 га егістік алқабына 6215 га күздік бидай, 500 гектар арпа мен 300 гектар жаздық бидай егіп, жалпы 5 мың гектар жерді парға қалдырып отыр. Ал, «Ернар» ШҚ, жалпы 2100 егістік алқабына 1000 га күздік бидай, 800 га жаздық арпа мен 200 га мақсары егіп, 1000 га жерді парға қалдыруды жоспарлауда. «Шәушен» ШҚ 15800 га егістік жерге 9200 га күздік бидай, 1700 га жаздық арпа егіп, 4800 га егістік жер парға айдалынған. Сонымен қатар, егістік алқабы 3300 гектарды құрайтын «Ернұр» ШҚ 2000 мың га күздік бидай, 2000 га жаздық арпа сеуіп, 1500 га егістік алқабын парға қалдырып отыр. Аталмыш шаруа қожалықтар І-ІІ репродукция, элита тұқымын себуде.
Шаруа қожалықтардың егістік алқабтарындағы көктемгі дала жұмыстарымен жеке танысып, өз тарапымнан ауданымыздағы шаруа қожалықтардың техникалары жаңа, заманауи екенін атап өтіп, мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына бағытталған бағдарламалар көп, мақсат қолда бар мүмкіндікті барынша тиімді пайдалану екенін жеткіздім. Егістік алқабтарын демалыссыз, тыңайтқышсыз пайдалану себебінен жердің тозып, өнімнің саны мен сапасына кері әсер ететіні анық. Сондықтан, өнімнің сапасына және егістікті құнарландыру мәселелеріне де назар аударуымыз қажет екенін атап өттім.

Leave A Reply

Your email address will not be published.