Өзінен 10 жас үлкен адамның телефонын тартып алған

0

Жуырда полицияға Тараз қаласының 32 жастағы тұрғыны хабарласып, «Чайка» дүкені аумағында белгісіз тұлға күш көрсетіп, ұялы телефонын ұрлап кеткендігі және 70 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтіргені туралы шағымданған.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары басталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын сотталған 22 жастағы облыс тұрғынын анықтап, ұстады.

Жәбірленуші ұсталған азаматты бірден таныған соң ол кінәсін толық мойындады. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.