Мерейтойға арналған мерекелік кештер өтті

0

Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тараз қаласында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Мамыр» тоғайында мүмкіндігі шектеулі жандар мен Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымымен бірлескен қол өнер көрмесі;
«Көне Тараз» тарихи этно-мәдени кешенінде орналасқан «Қоғамдық келісім» КММ-нің алдында өзбек этномәдени бірлестігінің концерттік бағдарламасы;
Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенттер үйінің алдында концерттік бағдарламасы
«Төрткөл» керуен сарайында «Көне жәдігерлер-тарих қойнауынан жеткен құндылықтар» атты жылжымалы көрме, «Кемеңгерліктің 30 жылы: жаңғырған тарих, жаңарған Тараз» атты кітап инсталляциясы;
15 мөлтек ауданында «Тәуелсіздік мәңгілік елдің тұғыры» атты концерттік бағдарлама, кітап, қолөнер көрмелері, асық ату, арқан тартыс тағыда басқа ұлттық ойындар;
Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағының амфитеатрында дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай жастар акциясы;
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында «1001 мақал, 101 жұмбақ» іс-шарасы, ұлттық ойындар жарысы, жас техниктер мен өнертапқыштардың көрмесі;
А.Құнанбайұлының ескерткішінің алдында «Құлақтан кіріп, бойды алар» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Мерекелік іс-шаралар ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін әр сенбі күндері ұйымдастырылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.