Тараздықтар тағы да жол мәселесін көтерді

0

Тараз қаласы әкімінің тапсырмасымен 12 сәуірден бастап шаһардағы барлық 11 округтің бас инспекторлары, учаскелік полиция қызметкерлері тұрғындар алдында есеп беретін болады.
Бүгін алғашқы кездесу №1 округте өтті. Аталған жиынға қоғамдық кеңес мүшелері, депутаттар, құқық қорғау органдарының өкілдері сонымен қатар әкімдік бөлімшелері және қала тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында округтің бас инспекторы өткен жылғы атқарылған жұмыстары мен ілкімді істерін, сондай-ақ күрмеуі қиын мәселелерді де баяндады. Тұрғындар тарапынан жол жөндеу, қоғамдық көлік және аялдама, арық тарту сынды біршама сауалдары мен ұсыныстары болды. Сұрақтарға тиісті сала мамандары жауап берді. Дегенмен де зерделеуді қажет ететін сұрақтарға алдағы уақытта толық қанды жазбаша түрде жауап берілетін болады.
Есеп беруді ары қарай учаскелік полиция қызметкері жалғастырды. Аймақтағы тыныштық ахуалы тұрғындар тарапынан оң бағаланды. Округте негізінен жер үйлер мен көпқабатты тұрғын жайлар. Тұрғындар тарапынан айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстар тікелей қала әкімінің бақылауында.
Тараз қаласы 11 округке бөлінген. Алдағы күндері барлық аймақтарда бекітілген желілік кестеге сәйкес жиындар өтетін болады. Жиынның қайда, қашан болатыны Тараз қаласы әкімдігінің фейсбук және инстаграмм парақшаларында аңдатпа ретінде беріледі. Ал, кездесу барысы тікелей эфирде таратылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.