Меркідегі келелі кездесу

0

Меркі ауданының әкімі Нұрсипатов Руслан Маратұлы ауданның дін саласы қызметкерлерімен, этно-мәдени бірлестіктері мүшелерімен кездесті.

Жиынға аудандағы 24 мешіт имамдары, провослав шіркеуінің жетекшісі, «7-күнгі адвентисттер» шіркеуінің жетекшісі, 8 этно-мәдени бірлестіктер мүшелері қатысты.

Аудан басшысы кездесу барысында жиылған қауымға халықтың ынтымағы мен бірлігін нығайту жолындағы еңбектері туралы айтып өтіп, жастар тәрбиесіне көңіл бөлуді ерекше атап өтті. Ұлттар арасында татулықты нығайтып, қазақ халқына сіңіп кеткен өзге ұлт өкілдерінің елімізде бейбіт өмір сүріп, ұрпақтарына қазақ елінің ерлігі туралы айтып, тыныштықта, ынтымақта шаңырақ құрып отырғаны туралы салиқалы әңгіме өрбіді.

Қазір түрлі ағымдар мен жат пиғылды теріс ағымдар қоғамымызға іріткі салуда. Халыққа, әсіресе жастарды тура жолға бағыттап, өздерінің насихаттық жұмыстарымен ақыл-кеңес беретін жандардың бірі – дін саласы қызметкерлері екені даусыз.
– Сіздер өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, тәртіпке, еңбекқорлыққа, бірлік пен берекені сақтау жолында уағызды тиімді пайдану керексіздер. Еліміздің тыныштығы мен бейбіт өмірі – бар байлығымыз екенін түсінуіміз қажет. Сіздердің қоғамда алатын орындарыңыз ерекше,-деді аудан әкімі Руслан Маратұлы.
Жиында аудан әкімі ішкі саясат бөліміне саяси тұрақтылық пен халық арасында ынтымақты сақтау жолындағы жұмыстарды тұрақты назарда ұстауды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.