«Тараз – қауіпсіз қала» жобасы біраз мәселені реттейді

0

«Тараз-қауіпсіз қала». Бұл — Тараз қаласында 2020-2022 жылдар аралығында құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған жоба.

 

Бүгінгі таңда Тараз қаласы бойынша барлығы 984 патрульдеу бағыты бар. Құрам 3 ауысымда, тәулік бойы жұмыс істейді. Қылмыстың, бұзақылықтың алдын алудан бөлек, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында жүрмеуін бақылайтын рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Қаламыздағы өзекті мәселелердің бірі — қалта ұрлығы. Зерделеу нәтижесі бойынша тіркелген қалта ұрлықтарының ең көп саны қоғамдық көліктерде жасалады екен. Осындай келеңсіздіктің алдын алу мақсатында алдағы уақытта автобустарға камера қоюды қарастыру ұсынылды.
Тараз қаласы аумағында 29 учаскелік полиция пункті орналасқан. Жедел басқару орталығына шығатын 210 камера орнатылған. Мемлекет тарапынан тиісті жағдай жасалуда. Ендігі міндет — қала аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу, болдырмау және заңдылықты сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Кеңесте құқық қорғау органдары мен қала әкімдігінің аппаратына бірқатар тапсырмалар жүктеліп, орындаудың нақты мерзімі белгіленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.