Көршісін мас қылып, үйін тонап кеткен

0

     Тараз қаласының  43 жастағы тұрғыны белгісіз азамат  үйден  жасырын түрде «Самсунг» маркалы ұялы телефонын, 16 000 теңге көлемінде  теңгесі бар әмиянын және  ас үй ыдысының жиынтығын   ұрлап кеткені туралы полицияға шағым түсірген — деп хабарлайды  Shanyraq.info ақпараттық агенттігі. 

    Аталған дерекке қатысты   Тараз қаласы  Полиция басқармасының   қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің  188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын  бастаған.

Жедел — іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні — жәбірленушінің 29 жастағы көршісін анықтап, ұстаған.

Тергеу барысында ұсталған азамат көршісімен бірге алкогольдік ішімдік  ішу барысында онымен  сөзге келіп қалғанын, мойындайды. Осыдан кейін үй иесінің назарының басқа жаққа ауғанын пайдаланып, жәбірленушінің жеке заттарын ұрлаған.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.