Сарысуда сұйық май шығарылады

0

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы қайтарымсыз грантқа қол жеткізген кәсіпкерлердің жұмыс барысымен Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев танысып шықты.

Солардың бірі «Санжар» жеке кәсіпкерлігі. Зығыр майын өндірумен айналысын  цех негізгі шикізатты  аймақтағы егістіктен жинайтынын айтты.

Кәсіпкердің айтуынша, 1 тонна мақсарыдан 200 литр сұйық май алынады екен.

Аудан басшысы өз тарапынан кәсіпкерлерге қазіргі кездегі мемлекеттік қолдаулар бойынша ақпаратты түсіндірді және цехтарын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуге шақырды. Сондай-ақ, аталмыш  цехтардың аудан экономикасына тигізер үлесі мол екендігі де тілге тиек етілді.

Дариха Үмбетиярова,
Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.