Жамбылда 733 жұмыскердің жалақы қарызы қайтарылды

0

     Жамбыл облысында  жыл басынан бері 733 жұмыскердің 108,1  миллион  теңге жалақы қарызы  қайтарылды — деп хабарлайды  Shanyraq.info ақпараттық агенттігі. 

Биыл аймақта еңбек инспекторларымен жеке және заңды тұлғалардың 300 арыз-шағымы қаралған. Ол бойынша 20 тексерулер ашылып, еңбек заңнамасын бұзудың 16 фактісі анықталған. Ал, жалпы соммасы 889,7 мың теңгені құрайтын 7 айыппұл салынса, орындалуы міндетті 9 нұсқама берілген. Бұдан бөлек, тексерістер ашпай, жұмыс беруші мен жұмыскерді табыстыру шаралары арқылы 14 жұмыскердің мәселесі оң шешімін тапқан.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.