Тараз «тоқсаныншы» жылдарға оралды ма?

0

Тараз қаласының Полиция басқармасына қарақшылық шабуыл дерегі  бойынша облыс орталығының 20 жастағы тұрғыны арызданған.  Жас жігітті  белгісіз адамдар   пышақпен  қорқытып, «Samsung  galaxy»  ұялы телефонын ашық түрде ұрлап,  оқиға орнынан  қашып  кеткен — деп хабарлайды Shanyraq.info. ақпараттық агенттігі. 

Аталған дерекке қатысты  ҚР Қылмыстық кодексінің  192-бабы 2-бөлігі (қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі қажетті  тергеу  амалдары  басталды.

Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында, сондай-ақ  Тараз қаласының  жедел басқару орталығының  бейнебақылау камералары операторларының  шұғыл іс-қимылдарының  нәтижесінде  полиция қызметкерлері  32 және 33 жастағы екі жергілікті тұрғынды  ұстады.

Олар өз  кінәларын толық  мойындап, Тараз қаласының  уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Қылмыстық  іс  бойынша тергеу  амалдары  жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.