Мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева және «Парасат жолы» республикалық орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел Тараз қаласында орналасқан Орталық музей жұмысымен танысып, мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесу өткізуде. Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кеңесші Жылқышиева Жазира Жақсылыққызы мен республикалық «Парасат жолы» орталығының басшысы Сәдібек Түгел қатысып отыр. Жазира Жақсылықызы кездесу барысында заң талаптарының күшеюі, парақорлыққа жол бермеу, сыбайлас жемқорлықты алдын алуды күшейту және оның себептері мен жағдайларын жою, сондай-ақ, жемқорлықтың алдын алу жұмысының нәтижелері мен агенттіктің алдағы жұмыстарына тоқталып өтті.
Сәдібек Түгел «Парасат жолы» орталығында атқарылатын жұмыстарды халықтыққа идеяға айналдыру, азаматтардың парасаттылық пен ізгілік жолына түсудің санаға революция беретіндігін, сонымен қатар халыққа ыңғайлы тәсілдердің қолданылуы, ұжымдық жауапкершілікті жүзеге асыру және жемқорлықтан арылудың түрлі жолдарына тоқталып өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.