Облыс орталығындағы маңызды мәселелер қаралды

0
Тараз қаласының аппараттық кеңесінде бірнеше мәселе қарастырылды. Алдымен қойылған нақты тапсырмалардың орындалу деңгейі сараланды. Барлық міндеттер дер кезінде әрі сапалы орындалу керек деген қала әкімі сала мамандарына шаруаларды ширатуды тапсырды.
Тағы бір өзекті мәселе — жол мәселесі. 2021 жылы Таразда 8,9 шақырым жол күрделі, ал, 99 шақырым жол ағымдағы жөндеуден өтпек. Жыл сайын шұңқырларды жөндеу жұмыстары мамыр айында басталса, биыл сәуірден бастап қолға алынбақ.
Қазіргі таңда ең өзекті мәселе — бағаның тұрақсыздығы. Халықты арзан азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында құрылған коммуналдық дүкендердің өзі қымбат әрі тауарлардың сапасы сын көтермейді. Түске дейін-ақ сөресінде азық-түлік таусылып, сапасыз өнім ұсынатын дүкендерді халыққа тиімді ету — ауылшаруашылығы бөлімі басшысының міндеті. Осы тұрғыда жұмысты жүйелей алмаған бөлім басшысы Егеубаев Дархан Нұрботаұлына сөгіс жарияланды. Коммуналдық дүкендердегі бағаның бағамы — тікелей қала әкімі Е.Жылқыбаевтың бақылауында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.