Жеке құрамның әскери дайындығы тексерілді

0

Түзеу мекемесі жеке құрамының қызметі оңай емес. Қоғам қауіпсіздігін сақтау үшін еңбек ететін қызметкерлердің әрдайым сақадай сай болуы аса маңызды. Сол себепті мекеме қызметкерлерінің әскери дайындығы үнемі пысықталып отырады.

Осындай мақсаттағы шараның бірі Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінебағынысты ЖД-158/2 мекемесінде өткізілді.

Осыған орай мекеме бастығы, әділет полковнигі Ерлан Оразгелдиевтің бұйрығымен 3 сәуір күні таңғы сағат 6:00–де дабыл жарияланды. Талапқа сай мекеме жеке құрам қызметкерлері жиналып, жеке құрам қызметкерлерінің әскери дайындықтары толық тексерілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.