Сарысуда кино көрсетіле бастады

0

Бүгін Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиевтің тікелей бастамасымен барлық сақтық шараларын ұстана отырып, кино көрсетілетін болды.

Мәні мен мағынасы, сапасы мен тәлім тәрбиелік мәні бар отандық киноларды енді аудандық мәдениет үйінен көре аласыздар.

Уақыты алдын ала хабарланып, жарияланатын болады.

Бүгін «Тығырықтан жол тапқан» фильмі көпшілік назарына ұсынылды.

Киноның аты: «Тығырықтан жол тапқан»

Шыққан жылы: 2014 ж
Қоюшы режиссер- Рүстем Әбдірашов
Қоюшы операторлар: Александр Плотников, Сапарбек Койчуманов

Қоюшы суретшілер: Сәбит Құрманбеков, Өмірзақ Шманов
Продюсері: Арман Тұрсынбайұлы

Актерлер: Нұрлан Әлімжанов, Мәдина Есманова, Наталия Орынбасарова, Валентин Гафт, Игорь Ясулович, Александр Рапопорт, Владимир Стеклов, Евгений Сидихин, Александр Галибин, Евгений Стычкин Ирина Шевчук және басқалар.

Композиторы: Әбілқайыр Жарасқан

Киноның түрі: Ғұмырбаяндық драма

Тапсырыс: ҚР Мәдениет және спорт министрі

Қысқаша сипаттамасы:

Фильмде бас кейіпкер Нұрсұлтанның Қарметкомбинаттың партия хатшысы қызметінде жүріп, қысқа мерзімнің ішінде жалаң идеологияның негізінде сылбырлыққа бой алдырған партия комитетін Қарметкомбинаттың ең басты жұмыс орталығына айналдырғаны, қордаланып қалған барлық әлеуметтік күрделі мәселелерді шешкені, жүйелі де табанды күресі, ерен еңбегі баяндалады

Жұмысшылар мүддесін қорғау және еңбек жағдайын жақсарту жолында Нұрсұлтан батылдығымен ғана емес, сонымен қатар, Мемлекет қайраткеріне тән қасиеттерімен көзге түседі.

Өндірісте жинаған мол тәжірибесінің, мақсатшылдығының және табандылығының арқасында ол небір кедергілерден сүрінбей өтіп, әріптес металлургтер арасында кең танылып, зор құрметке ие болады.

Осы аталмыш киноға аудан әкімі өзі бастап барып тамашалады.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.