Жамбылда Полиция департаментінің бастығы ҚАЖ департаментінде өткен тазалық шарасына қатысты

0

Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов өңірдегі жедел ахуалды бақылау мақсатында ҚАЖ департаментіне арнайы келіп, жеке құрам қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында Жанат Қуанышұлы мереке қарсаңында жұмыс режимі күшейтілгенін сол себепті қызметкерлер өздеріне жүктелген міндетті мүлтіксіз атқару қажеттігін баса айтып, оларды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады.

Сондай-ақ бұл күні полиция генерал-майоры өңірлік ҚАЖ департаментінде өткен тазалық шарасы барысында жасыл желекті түрлі зиянкестерден қорғау мақсатында көшет отырғызды. Айта кетейік, аталған сенбілікте департаменттің аумағына көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Тазалық шарасы барысында департамент аумағы күл-қоқыстардан тазартылып, ағаш көшеттері отырғызылды. Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында өткен аталған сенбілікте жеке құрам және еркін жалдамалы қызметкерлер белсенділік танытты. Қоғам үшін тиімділігі зор мұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.