Қымбат көлік мінген жүргізуші көшеге қоқыс лақтырған жерінен ұсталды

0

Қымбат көлік мінген жүргізуші көшеге қоқыс лақтырған жерінен ұсталды.

Тараз қаласының тұрғыны Д есімді азамат жол талғамайтын «Тoyota Prado» маркалы көлігімен жол жиегіне қоқыс тастаған. Оның бұл қылығын полиция қызметкерлері байқап, шұғыл шара қолданды.

— Күнделікті жұмыс барысы болатын. Әдеттегідей қала тыныштығы мен тазалығын барлау мақсатында Баженов көшесіндегі №3-ші үйдің жанынан өтіп бара жатқанымызда джип көлігінің жүргізушісінің жол бойына қоқыс тастап жатқанын байқадық. Заң бұзушылықты көрген бойда әрекет ету біздің қызметтік борышымыз. Сол себепті де заңға сәйкес, қала тазалығына нұқсан келтірген азаматты жауапқа тарттық. Өкініштісі, бұл жиі кездесетін жағдай,-дейді учаскелік полиция инспекторы Асқар Алиайдаров.

Тазалық – тазалаған жерде емес, тазалықты сақтаған жерде болатынын естен шығарып алып жататынымыз өкінішті. Қымбат көлік мінгенге қаржысы жеткенмен, тазалық сақтауға санасы жетпеген азаматқа 7292 теңге айыппұл салынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.