Аядай ауыл облыста екінші орынды иеленді

0

Ағымдағы жылы Әділ Байұзақов жетекшілік ететін «Шайдана-Алмаз» командасы Жамбыл облысы әуесқойлар арасындағы кіші футбол лигасының қола жүлдесін еншілеп қайтты.

Аптаның сенбі, жексенбі күндері «Тараз-Арена» әмбебап спорт кешенінде өтетін облыстық лигаға биыл 48 команда қатысып, үш ай бойы айналмалы жүйеде бақ сынасты. Жамбыл ауданының намысын қорғаған «Шайдана-Алмаз» командасы қарсылас біткенді қапы қалдырып, финалдық кездесуде «Дулати-Ұстаз» командасынан 4-2 есебінде жеңіліс тапты. Дегенмен ауыл жастары ақтық сынға сүрінбей жетіп, аядай ауылдан нағыз аяқдопшылар шығатынын дүйім жұртқа дәлелдесе керек.

– Биыл айтулы турнирдің жеңімпазы атануға бар күш-жігерімізді салдық, – дейді команда капитаны Айдын Есенгелді.
– Біз финалдық кездесуге жеткенімізде-ақ чемпион болғанбыз. Ойлаңызшы облыстың түкпір-түкпірінен жиналған адуынды қарсыластардың ішінен 150-ге жуық түтіні бар Шайдана-Алмаз командасының мұндай жетістікке детеді деп ешкім ойламаған еді.

Облыстық турнирге қатысып келе жатқанымызға 10 жылдың жүзі болды. Көбіне жартылай финалдан төбе көрсетіп жүрдік. Бүгін әріптестеріме дән ризамын. Намысқа тырысып, көрермен көзайымы болды. Өткен жылға қарағанда көрсеткіш көңіл көншітеді.Оның үстіне ауданымыздың өзінен 6 команда қатысқаны басқа өңірлермен салыстырғанда басымдылыққа ие. Бұл ауданның спортқа деген ыждаһаттылығын көрсетіп тұрса керек. Көбіне жаттығуды «Шайдана-Алмаз» спорт кешенінде өткіземіз. Жастардың тұрақты түрде спортпен айналысуына аудан әкімі Сәкен Арубаевтың көп көмегі тиді. Сиқы құрып, жасанды төсеніші ескірген алаңшаның жағдайы туралы ашық хатты ауыл жастары аудан басшысына өткен жылдың жаз айында тікелей жолдағаны бар. Сонда жастардың өтінішін назарға алған Сәкен Қаланұлы кешенге арнайы келіп, жағдайын көзбен көріп кеткен болатын. Араға апта салып, сапалы төсенішті тағы бір қайтара төсеп бергені жастардың спортқа деген ынтасын арттыра түсті. Соның нәтижесінде жаз, күз айларында үзбей жатыққан аяқдопшылар, облыстағы адуынды командыларға тойтарыс бергенін айтқым келеді. Әрине жетістік дайындықпен келетіні сөзсіз. Дегенмен дайындалу үшінде алаңның мүмкіншілігі жоғары болуы керек. Сол үшінде аудан басшына жастардың айтар алғысы шексіз. Ал турнирге келер болсақ, алдағы уақытта бұдан жоғары жетістікке жететін боламыз. Біз бұл спорт түрінің қыр-сырын меңгеріп келеміз. Бізден тек жеңіс күьіңіздер – дейді.

Ал жергілікті аяқдопшылардың еңсе тіктеуіне кіндік қаны тамған өлкесіне маңдай терінде тамызып жүрген кәсіпкер Әділ Әбубәкірұлының еңбегі өлшеусіз.

Азамат Құрбанов,
«Шайдана-Алмаз» әуесқой футбол клубының жаттықтырушысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.